ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТ КЕЗІНДЕ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ЛИМФА ТАМЫРЛАРЫНЫҢ ЭНДОТЕЛИЙ ДИСФУНКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТҮЗЕТУ
Кіріспе. Панкреатит проблемасы қазіргі заманғы медицинаның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Лимфа жүйес іжүрек-қантамыр жүйесінің құрамдас бөлігі бола отырып, патологиялық процеске қатысады. Жедел панкреатиттің клиникалық симптомдары бір қатар патофизиологиялық өзгерістерге негізделген, олардың арасында эндотелий дисфункциясына әкелетін тамырлы эндотелийдің зақымдалуы маңызды рөл атқарады. Жедел панкреатиттің лимфа жүйесінің функцияларына, атап айтқанда лимфа тамырларының функционалдық жағдайына әсері туралы әдебиеттер де жеткіліксіз ақпарат бар және өсімдіктектес сорбенттерді қолдану арқылы түзету әдістері осы тұрғыдан зерттелмеген, бұл зерттеуді өзектіетеді.
Мақсаты. Жедел панкреатит пен ауыратын егеуқұйрықтардағы лимфа тамырларының жиырылу белсенділігін зерттеу және лигнин негізіндегі өсімдік сорбенті арқылы эндотелий функцияларын түзету.
Зерттеу әдістері. Эксперименттер Вистар егеуқұйрықтарында жүргізілді. Зерттеу барысында оқшауланған тамырлардың жиырылу белсенділігін тіркеуге арналған қондырғы, биохимиялық анализатор GOBOS INTEGRA 400 және «РЕО-Мицар» реографы пайдаланды.
Нәтижелер. Жедел панкреатитте оқшауланған лимфа тамырларының жиырылу белсенділігі эндотелий қабатында орналасқан эндотелиальды адренергиялық рецепторлардың тежелуіне байланысты басылды. Лигнин сорбентін қолдану эндотелийді қалпына келтіру арқылы лимфа тамырларының жиырылу функциясын қалпына келтірді, нәтижесінде азот оксидінің инактивациясын болдырмауына әкелуі мүмкін. Сорбенттің әрекеті егеуқұйрықтардағы лимфа тамырларының жиырылу реакцияларының жиілік-амплитудалық сипаттамаларын қалыпқа келтірді, нәтижесінде лимфа айналымы жақсаруы мүмкін.
Қорытындылар. Жедел панкреатитте және пайда болған эндотелий дисфункциясының нәтижесінде лигнин негізіндегі сорбентті қолдану тиімді және үнемді. Сорбентті дененің патологиялық жағдайларын, атап айтқанда, жедел панкреатитті емдеу үшін терапевті кәдістер мен бірге қолданған жөн.
Түйіндісөздер: эксперименталды жедел панкреатит, лимфа тамырлары, эндотелий, сорбенттер.
Көрген адамдардың саны: 206
Библиографиялық сілтемелер
Койбасова Л.У., Демченко Г.А., Абдрешов С.Н., Парманбекова М.Х., Жунусова Г.С., Джусипбекова Б.А., Байболатова Л.М. Жедел панкреатит кезінде егеу құйрықтардың лимфа тамырларының эндотелий дисфункциясы және оны түзету // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (3). Б. 82-90. doi 10.34689/SH.2024.26.3.009Ұқсас жариялымдар:
COMPARATIVE EVALUATION OF BLOOD COLLECTION TUBES AND EXTRACTION METHODS FOR CIRCULATING TUMOR DNA
INFLUENCE OF SEX HORMONE-BINDING GLOBULIN (SHBG) ON THE LEVEL OF FREE TESTOSTERONE FRACTION IN OLDER OVERWEIGHT MEN
ASSESSMENT OF THE PROBABILITY OF DEVELOPING CARDIORENAL SYNDROME TYPE 2 DEPENDING ON POTENTIAL BIOMARKERS IN PEDIATRIC PATIENTS
MORPHO-GENETIC VARIABILITY IN MYOCARDIAL TISSUE AFTER SEPTAL MYECTOMY IN PATIENTS WITH OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY: A FOUR-CASE SERIES STUDY
CLINICAL EFFICACY OF SELECTIVE PLASMA FILTRATION (EVACLIO) IN CARDIOVASCULAR COMPLICATIONS: A CASE SERIES FROM THE HEART CENTER KAZAKHSTAN