ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖҮЙЕСІНДЕГІ СОЗЫЛМАЛЫ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ҚОЛДАНЫСТАҒЫ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫН ЗЕРДЕЛЕУ
Диспансерлік бақылау науқастардың денсаулық жағдайын бағалау мақсатында жүргізілетін (денсаулық тобын және диспансерлік бақылау тобын айқындауды қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғындардың белгілі бір топтарына қатысты жүзеге асырылатын профилактикалық медициналық тексерулердің қосымша әдістерін қамтитын іс-шаралар кешенін қамтиды.
Зерттеудің мақсаты: созылмалы жұқпалы емес ауруы бар науқастарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіндегі қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны зерделеу.
Әдістері: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің. Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы: 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына сәйкес, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында динамикалық байқауға жататын аурулардың тізбесі 3 нозология бойынша: артериялық гипертензия, қант диабеті және созылмалы жүрек жетіспеушілігі бойынша талданды.
Нәтижесі. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіндегі қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны зерделеу және бағалау кезінде және МӘМС жүйесіндегі сақтандрылмаған диспансерлік науқастардың МАСК бағалау кезінде, науқстарға медициналық көмек тізбесі жеткіліксіз екені анықталды.
Қорытынды. Ауру құрылымында ең үлкен үлес салмағы жүрек-қан тамыр жүйесімен мен эндокриндік жүйенің аурулары болғандықтан, МӘМС жүйесіне сақтандырылмаған науқастарға медциналық көмек жетіспеушілігі анықталды.
Зерттеу кезіндегі бағдарламаны енгізу оң нәтижесіне байланысты ауруларды басқару бағдарламасына қатысатын пациенттерді іріктеу критерийлерін және динамикалық байқауға жататын аурулардың тізбесін кеңейту қажет етілді.
Түйінді сөздер: алғашқы медициналық-санитарлық көмек, созылмалы жұқпалы емес аурулар, аурулардың алдын алу, диспансерлік бақылау, ауруларды басқару бағдарламасы.
Көрген адамдардың саны: 312
Библиографиялық сілтемелер
Орақбай Л.Ж., Молдамырза С.С., Адилханова А.Н. Анализ действующей нормативно-правовой базы Казахстана в системе первичной медико-санитарной помощи по организации диспансерного наблюдения больных с хроническими неинфекционными заболеваниями // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (3). С. 123-128. doi 10.34689/SH.2024.26.3.014Ұқсас жариялымдар:
COMPARATIVE EVALUATION OF BLOOD COLLECTION TUBES AND EXTRACTION METHODS FOR CIRCULATING TUMOR DNA
INFLUENCE OF SEX HORMONE-BINDING GLOBULIN (SHBG) ON THE LEVEL OF FREE TESTOSTERONE FRACTION IN OLDER OVERWEIGHT MEN
ASSESSMENT OF THE PROBABILITY OF DEVELOPING CARDIORENAL SYNDROME TYPE 2 DEPENDING ON POTENTIAL BIOMARKERS IN PEDIATRIC PATIENTS
MORPHO-GENETIC VARIABILITY IN MYOCARDIAL TISSUE AFTER SEPTAL MYECTOMY IN PATIENTS WITH OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY: A FOUR-CASE SERIES STUDY
CLINICAL EFFICACY OF SELECTIVE PLASMA FILTRATION (EVACLIO) IN CARDIOVASCULAR COMPLICATIONS: A CASE SERIES FROM THE HEART CENTER KAZAKHSTAN