БРОНХ ДЕМІКПЕСІ МЕН МЕТАБОЛИКАЛЫҚ СИНДРОМНЫҢ ӨЗАРА ПАТОГЕНЕТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫНА ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНЕ: ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ
Кіріспе. Заманауи мәліметтерге сәйкес, бронх демікпесі (БД) және семіздік қазіргі заманғы медицинаның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады және оның маңыздылығы әлемдік сипатқа ие. Эпидемиологиялық деректер дамыған елдерде бұл аурулардың айтарлықтай өсуін анықтауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде мұқият талдау мен жан-жақты зерттеу қажеттілігін тудырады.
Бұл шолудың мақсаты бронх демікпесі мен метаболикалық синдромның патофизиологиялық және клиникалық байланысын, сондай-ақ, оның құрлымдарының бронх демікпесінің ауыр ағымын қалыптастырудағы рөлі туралы деректерді жүйелеу болды.
Іздеу стратегиясы: маңызды әдебиеттерді ізденіс PubMed, Web of Science дерекқорларынан және Cochrane орталықтан бақыланатын сынақтар тізімінен 2024 жылдың 10 мамырына дейін жүргізілді. Талдау барысында медициналық пәндік мәліметтер (MeSH) терминдеріне негізделген алдын ала тұжырымдалған түйіндік сөздерді қолдану арқылы жүзеге асты. Тізімге енгізу критерийлері: дәлелді медицинаның барлық талаптарын ескере отырып орындалған зерттеулердің нәтижелері; іргелі эксперименттік зерттеулердің нәтижесі. Іздеу тек ағылшын және орыс тілдерінде жарияланған жұмыстармен шектелді. Тізімге енгізілмеген критерийлері: клиникалық жағдайлардың сипаттамасы, дәлелді медицина талаптарына сәйкес келмейтін мақалалар, сондай-ақ тезистер.
Нәтижесі: ұсынылған шолуда метаболикалық синдроммен байланысты БД фенотипін қалыптастыру механизімдері жайлы заманауи көзқарастар жүйеленген. Классикалық және жеңілдетілген нұсқада демікпе мен метаболикалық синдромның байланысы іштің майлы тінінің тыныс алу жолдарының кедергісіне механикалық әсеріне негізделгенін, тиісті тыныс алу көлемінің өзгеруі айтылған. Қабынуға қарсы факторлардың, ең алдымен цитокиндердің, сондай-ақ май тінінің гормондарының деңгейіндегі метаболикалық теңгерімсіздіктің рөлін өзектендіру әрекеті ұсынылған. Сонымен қатар, метаболикалық синдром мен БД арасындағы байланыс жайлы тұжырымдалған, бұл синдромның аурудың клиникалық ағымына әсерін көрсетеді.
Қорытынды: ұсынылған деректер зерттеу келесі синдемияның тәуелсіз нұсқасы-"бронх демікпесі - метаболикалық синдром – семіздік" болып табылатын БД науқастарының ерекше "метаболикалық фенотипін"оқшаулауды негіздеуге клиникалық - патофизиологиялық тәсілді тұжырымдауға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің негізі патогенетикалық байланыст арының негізі болып табылады, атап айтқанда гиперинсулинемияның тыныс алу жолдарының эпителийіне тікелей зақымдайтыны, инсулинге төзімділіктің дамуы, екі ауруға тән созылмалы төмен қарқынды қабынудың пайда болуы, сондай-ақ осы жағдайда тыныс алу жолдарының гиперреактивтілігінің дамитыны анықталды.
Түйінді сөздер: метаболикалық синдром, демікпе, бронхоспазм, семіздік, инсулинге төзімділік.
Көрген адамдардың саны: 232
Библиографиялық сілтемелер
Маймышева С.Ю., Каражанова Л.К., Орехов А.Ю., Чиныбаева А.А., Аширов Б.А. Бронх демікпесі мен метаболикалық синдромның өзара патогенетикалық байланысына және клиникалық көріністеріне: әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (3). Б. 136-143. doi 10.34689/SH.2024.26.3.016Ұқсас жариялымдар:
COMPARATIVE EVALUATION OF BLOOD COLLECTION TUBES AND EXTRACTION METHODS FOR CIRCULATING TUMOR DNA
INFLUENCE OF SEX HORMONE-BINDING GLOBULIN (SHBG) ON THE LEVEL OF FREE TESTOSTERONE FRACTION IN OLDER OVERWEIGHT MEN
ASSESSMENT OF THE PROBABILITY OF DEVELOPING CARDIORENAL SYNDROME TYPE 2 DEPENDING ON POTENTIAL BIOMARKERS IN PEDIATRIC PATIENTS
MORPHO-GENETIC VARIABILITY IN MYOCARDIAL TISSUE AFTER SEPTAL MYECTOMY IN PATIENTS WITH OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY: A FOUR-CASE SERIES STUDY
CLINICAL EFFICACY OF SELECTIVE PLASMA FILTRATION (EVACLIO) IN CARDIOVASCULAR COMPLICATIONS: A CASE SERIES FROM THE HEART CENTER KAZAKHSTAN