БИОИМПЕДАНСТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ІШЕКТІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ НУТРИТИВТІ АНЫҚТАУ. АНЫҚТАУ. КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ТАЛДАУ.
Кіріспе. Ойық жаралы колит және Крон ауруын қамтитын ішектің қабыну аурулары көбінесе тамақтану жағдайының бұзылуымен бірге жүреді. Бұл жағдайларда ДСИ-ді, қан көрсеткіштерін есептеуден бөлек биоимпеданстық талдауды қолдануға болады. Биоимпеданстық талдау-клиникалық және клиникаға дейінгі жағдайларда нутритивті статусты бағалаудың инвазивті емес, арзан және сенімді әдісі.
Зерттеудің мақсаты: Биоимпеданстық талдауды қолдана отырып, ІҚА бар науқастардағы нутритивті статустың сипаттамасын анықтау.
Материалдары мен әдістері: PubMed, Cyberlink, ScienceDirect базалары бойынша әдеби шолу жүргізілді. Әдеби шолудағы мақалаларда қолданылған зерттеулер кросс, рандомизацияланған және ретроспективті зерттеулер болды. Критерийлерге сәйкес келетін барлығы 13 мақала енгізілді. Сонымен қатар Алматы қаласының гастроэнтерология, гепатология және метаболизм институт базасында клиникалық жағдайларға ерттеудің бақылау әдісі қолданыла отырып талдау жүргізілді.
Нәтижелері: Әдеби шолу деректері мен қарастырылған клиникалық жағдайларға сүйене отырып, ІҚА-мен ауыратын барлық науқастарда, ДСИ-нің қалыпты көрсеткіштерімен, толыққанды, рациональды тамақтану, ұтымды физикалық белсенділік болғанның өзінде бұлшықет массасының жетіспеушілігі байқалады. Бұл өзгерістер әдеттегі тексерулермен анықталмайды. Осылайша, бұлшықет массасының жетіспеушілігін және мальабсорбция синдромына байланысты тұтынылатын минералдар мен ақуыздардың жетіспеушілігін анықтау мақсатында ІҚА бар барлық науқастарға биоимпедансометрия жүргізу ұсынылады.
Қорытынды: Биоимпеданстық талдауды қолданубастапқыда ІҚА пациенттерінің нутритивті статусын бақылау үшін қолданылатын барлық зерттеу әдістерін толықтыра алатын құнды құрал болып табылады. Сондай-ақ, биоимпеданстық талдау арқылы алынған фазалық бұрышты бағалау клиникалық тәжірибеде ІҚА бар науқастардың нутритивті статусына скрининг және бақылау құралы ретінде ұсынылуы қажет.
Түйінді сөздер: биоимпеданстық талдау, фазалық бұрыш, ойық жаралы колит, Крон ауруы, нутритивті статус, мальабсорция.
Көрген адамдардың саны: 239
Библиографиялық сілтемелер
Гайнутдин А.Е., Нерсесов А.В., Раисова А.М., Сулейменова Д.С., Ашимова Н.А., Маденова С.С., Шамшидинова М.А., Исмагулова М.А., Мустапаева А.А., Сеитман Б.А., Рахматалиева М.Н., Какимова М.Т., Азнабакиева М.М., Есимова А.А. Биоимпеданстық зерттеулерді қолдана отырып, ішектің қабыну аурулары бар науқастардың нутритивті анықтау. Анықтау. Клиникалық жағдайларды талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (3). Б. 215-221. doi 10.34689/SH.2024.26.3.025Ұқсас жариялымдар:
COMPARATIVE EVALUATION OF BLOOD COLLECTION TUBES AND EXTRACTION METHODS FOR CIRCULATING TUMOR DNA
INFLUENCE OF SEX HORMONE-BINDING GLOBULIN (SHBG) ON THE LEVEL OF FREE TESTOSTERONE FRACTION IN OLDER OVERWEIGHT MEN
ASSESSMENT OF THE PROBABILITY OF DEVELOPING CARDIORENAL SYNDROME TYPE 2 DEPENDING ON POTENTIAL BIOMARKERS IN PEDIATRIC PATIENTS
MORPHO-GENETIC VARIABILITY IN MYOCARDIAL TISSUE AFTER SEPTAL MYECTOMY IN PATIENTS WITH OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY: A FOUR-CASE SERIES STUDY
CLINICAL EFFICACY OF SELECTIVE PLASMA FILTRATION (EVACLIO) IN CARDIOVASCULAR COMPLICATIONS: A CASE SERIES FROM THE HEART CENTER KAZAKHSTAN