ТЕТРАДА ФАЛЛОНЫ РАДИКАЛДЫ ТҮЗЕТУ ОПЕРАЦИЯСЫНАН КЕЙІН БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІНІҢ ЕКІ ҚАРЫНШАСЫНЫҢ МИОКАРДТЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, КОНТРАКТИЛЬДІК ЖӘНЕ РЕЛАКСАЦИЯЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ, МРТ ЖӘНЕ STRAIN БАҒДАРЛАМАСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ЖЫНЫСТЫҚ Т
Кіріспе: Заманауи кардиологиялық зерттеулерде магнитті-резонанстық томографияны (МРТ) және Strain секілді деформация талдау бағдарламаларын қолдану функционалдық ерекшеліктерді бағалауда маңызды назарда. Жыныстық айырмашылықтар жүрек-қантамыр физиологиясында негізгі мәнге ие, өйткені олар миокардтың функционалдық сипаттамаларын бағалауда ерекше назар аударады. Бұл зерттеу радикалды ТФ коррекциясынан кейін балалардың жүрек миокардының екі қарыншасының контрактильдік және релаксациялық қабілеттерін жыныстық айырмашылықтарға назар аудара отырып зерттеуге бағытталған.
Зерттеу мақсаты: Радикалды ТФ коррекциясынан кейін балалардың миокардының функционалдық ерекшеліктерін зерттеу, МРТ мен Strain бағдарламасын пайдалана отырып, жыныстық айырмашылықтарды ескере отырып.
Әдістер: 69 науқастың (24 қыз және 45 ұл) МРТ деректерінің ретроспективті талдауы жүргізілді, орташа жасы 11 жас. Топты КДО ПЖ көрсеткішіне байланысты екі топқа бөлді: бірінші топ (150 мл/м² кем) және екінші топ (150 мл/м² және одан көп).
Нәтижелер: 2011 жылдың қазанынан 2020 жылдың маусымына дейін өткізілген зерттеуде қыздардың КДО ПЖ деңгейі (116,8 мл/м²) мен ұлдардың (137,2 мл/м²) арасында маңызды айырмашылық байқалды (p < 0,001). Сондай-ақ, жыныстар арасында сол қарыншаның базальды төменгі сегментінде шеңберлік деформацияда айтарлықтай айырмашылық анықталды.
Қорытынды: Алынған деректер ТФ коррекциясынан кейін балалардың сол және оң қарыншасының функцияларында маңызды жыныстық айырмашылықтардың бар екенін растайды, бұл клиникалық тәжірибеде ескерілуі қажет, емдеуді оңтайландыру және ұзақ мерзімді нәтижелерді жақсарту үшін.
Түйінді сөздер:Тетрада Фалло, радикалды коррекция, жыныстық айырмашылықтар, балалар жасы, CMR Feature-tracking, Strain.
Көрген адамдардың саны: 178
Библиографиялық сілтемелер
Кабдуллина А.М., Рахимжанова Р.И., Даутов Т.Б., Абдрахманова Ж.С., Садуакасова А.Б. Тетрада Фаллоны радикалды түзету операциясынан кейін балалардың жүрегінің екі қарыншасының миокардтың функционалдық ерекшеліктері, контрактильдік және релаксациялық қабілеттерін зерттеу нәтижелері, МРТ және Strain бағдарламасын пайдалану арқылы жыныстық топтар бойынша // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (4). Б. 15-22. doi 10.34689/SH.2024.26.4.002Ұқсас жариялымдар:
COMPARATIVE EVALUATION OF BLOOD COLLECTION TUBES AND EXTRACTION METHODS FOR CIRCULATING TUMOR DNA
INFLUENCE OF SEX HORMONE-BINDING GLOBULIN (SHBG) ON THE LEVEL OF FREE TESTOSTERONE FRACTION IN OLDER OVERWEIGHT MEN
ASSESSMENT OF THE PROBABILITY OF DEVELOPING CARDIORENAL SYNDROME TYPE 2 DEPENDING ON POTENTIAL BIOMARKERS IN PEDIATRIC PATIENTS
MORPHO-GENETIC VARIABILITY IN MYOCARDIAL TISSUE AFTER SEPTAL MYECTOMY IN PATIENTS WITH OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY: A FOUR-CASE SERIES STUDY
CLINICAL EFFICACY OF SELECTIVE PLASMA FILTRATION (EVACLIO) IN CARDIOVASCULAR COMPLICATIONS: A CASE SERIES FROM THE HEART CENTER KAZAKHSTAN