МЕТАБОЛИКАЛЫҚ СИНДРОММЕН ҚОСАРЛАНҒАН БРОНХ ДЕМІКПЕСІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кіріспе: Бронх демікпесі – тыныс алу жолдарының кең таралған созылмалы инфекциялық емес ауруы. Клиникалық фенотиптерінің бірі оның метаболикалық синдроммен (МС) қосарлана кездесуі. Синтропияның бұл түрі аурудың неғұрлым ауыр ағымда өтуіне және қолайсыз болжамына әкеледі, көбінесе ауыр және бақылауға бағынбайтын демікпенің дамуына себепші.
Зерттеудің мақсаты: МС қосарланған ауыр ағымдағы демікпемен ауыратын науқастардың клиникалық фенотипін зерттеу.
Зерттеу әдістері және материалдары: Зерттеуге МС-мен қосарланған ауыр ағымдағы және нашар бақылауға бағынбайтын бронх демікпесі бар 200 науқас қатысты. Зерттеуге енгізілген науқастар: диагнозы халықаралық GINA хаттамасына сәйкес келетін ауыр және бақылауға бағынбайтын бронх демікпесі бар, жасы 18-ден жоғары науқастар. Зерттеуге енгізілмеген науқастар: темекі шегу, созылмалы обструктивті өкпе аурулары, белсенді жұқпалы аурулары, соның ішінде тыныс алу жүйесінің инфекциялары, қатерлі ісік, жүктілігі бар науқастар. Пульмонология бөлімшесіне госпитализациялау кезінде барлық науқастар клиникалық, зертханалық және аспаптық зерттеулерден өтті (кеуде қуысының рентгенографиясы және көрсетілген жағдайда өкпенің мультиспиральды компьютерлік томографиясы, спирометрия).
Зерттеудің нәтижесі: Зерттеуге 112 (56%) науқас, негізгі топқа (МС қосарланған), ал 88 (44%) науқас бақылау тобына (MС жоқ) қосылды. Барлық науқастарда астма бақылауға бағынбайтын, ал МС бар науқастарда (негізгі топ) демікпе бақылауы азадап бақыланатын түрі (АСТтест сынамасы 11бал)болды, айырмашылықтар айтарлықтай болды (p <0,001). Спирометрия мәліметтері бойынша негізгі топта FVC және FEV1 деңгейінің төмен екендігі анықталды. Сондай-ақ, гиперэозинофилияның болуы бронходилатационды сынамадан (OR 0,988) кейін FEV1 (OR 0,82) және PEF төмендеуімен байланысты екені анықталды.
Қорытынды: FEV1, FVC төмендеуімен және FEV1 және FVC арақатынасымен анықталған МС-мен синтропиядағы ауыр демікпесі бар емделушілерде зерттеуде анықталған өкпе функциясының өзгерістері осы БА фенотипін емдеу кезінде ескерілуі керек. ДСИ қалыпқа келтіруде барлық фармакологиялық нұсқаларды қолдануға негізделген интеграцияланған тәсіл өкпе функциясын жақсартады, осылайша демікпе симптомдарын бақылау дәрежесін арттырады.
Түйінді сөздер: Бронх демікпесі, Метаболикалық синдром, Спирометрия, Семіздік.
Көрген адамдардың саны: 174
Библиографиялық сілтемелер
Маймышева С.Ю., Каражанова Л.К., Орехов А.Ю., Чиныбаева А.А., Аширов Б.А., Танышева Г.А. Метаболикалық синдроммен қосарланған бронх демікпесінің клиникалық-функционалдық ерекшеліктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (4). Б. 99-107. doi 10.34689/SH.2024.26.4.013Ұқсас жариялымдар:
COMPARATIVE EVALUATION OF BLOOD COLLECTION TUBES AND EXTRACTION METHODS FOR CIRCULATING TUMOR DNA
INFLUENCE OF SEX HORMONE-BINDING GLOBULIN (SHBG) ON THE LEVEL OF FREE TESTOSTERONE FRACTION IN OLDER OVERWEIGHT MEN
ASSESSMENT OF THE PROBABILITY OF DEVELOPING CARDIORENAL SYNDROME TYPE 2 DEPENDING ON POTENTIAL BIOMARKERS IN PEDIATRIC PATIENTS
MORPHO-GENETIC VARIABILITY IN MYOCARDIAL TISSUE AFTER SEPTAL MYECTOMY IN PATIENTS WITH OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY: A FOUR-CASE SERIES STUDY
CLINICAL EFFICACY OF SELECTIVE PLASMA FILTRATION (EVACLIO) IN CARDIOVASCULAR COMPLICATIONS: A CASE SERIES FROM THE HEART CENTER KAZAKHSTAN