ҚАЗАҚСТАН СТОМАТОЛОГТАРЫНЫҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЭНДОКАРДИТТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ НҰСҚАУЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫН ҚОЛДАНУЫ: КӨЛДЕНЕҢ ЗЕРТТЕУ
Кіріспе. Тіс дәрігерлері арасында инфекциялық эндокардиттің (ИЭ) алдын алу бойынша нұсқаулықтарды хабардар ету және клиникалық қолдануы аурушаңдық көрсеткіштеріне әсер етудің негізгі факторларының бірі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты. Қазақстан стоматологтары арасында ИЭ алдын алу бойынша ұсынымдарды тәжірибеде қолдану және хабардарлық деңгейіне баға беру.
Материалдар мен әдістер. 80 тіс дәрігері арасында көлденең зерттеу жүргізілді. Логистикалық регрессия және CHAID әдісі арқылы болжамды модель жасалынды. Статистикалық талдау SPSS бағдарламалық жасақтамасының көмегімен жүргізілді (26.0 нұсқасы).
Нәтижелер. Алынған нәтижеге сәйкес, стоматологтардың тек 5% - ы инвазивті стоматологиялық процедуралардан кейін ИЭ дамуының ықтимал қауіптері және алдын алу бойынша ұсыныстар туралы толық хабардар болды. Респонденттер арасында 88,8% жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға стоматологиялық көмек көрсету туралы пәнаралық деңгейде стоматологтарды хабардар ету қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, дәрігерлердің 70,1% - ы Қазақстан үшін ИЭ алдын алу жөніндегі нұсқаулықтың бейімделген нұсқасын жасау қажеттігін атап өтті.
Қорытындылар. Осылайша, Қазақстан аумағында ИЭ алдын алу шараларын жүзеге асыру алаңдаушылық туғызады, атап айтқанда, профилактиканың басшылық ұсынымдары туралы стоматологтар арасында хабардарлықтың төмен деңгейі. Бұдан басқа, Қазақстан үшін ИЭ алдын алу бойынша жергілікті бейімделген ұсынымды әзірлеу қажеттілігі байқалынды.
Түйінді сөздер. Инфекциялық эндокардит, стоматологтар, антибиотиктік профилактика
Көрген адамдардың саны: 228
Библиографиялық сілтемелер
Кусаинова Ж., Булегенов Т., Абралина Ш., Жапар Ж., Самарова У., Хисметова З., Ибраева Ж., Абильтаев А., Таштемирова О., Абильмажинова Г., Джакова Г. Қазақстан стоматологтарының инфекциялық эндокардиттің алдын алудың нұсқаулық Қағидаттарын қолдануы: көлденең зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (4). Б. 117-124. doi 10.34689/SH.2024.26.4.015Ұқсас жариялымдар:
COMPARATIVE EVALUATION OF BLOOD COLLECTION TUBES AND EXTRACTION METHODS FOR CIRCULATING TUMOR DNA
INFLUENCE OF SEX HORMONE-BINDING GLOBULIN (SHBG) ON THE LEVEL OF FREE TESTOSTERONE FRACTION IN OLDER OVERWEIGHT MEN
ASSESSMENT OF THE PROBABILITY OF DEVELOPING CARDIORENAL SYNDROME TYPE 2 DEPENDING ON POTENTIAL BIOMARKERS IN PEDIATRIC PATIENTS
MORPHO-GENETIC VARIABILITY IN MYOCARDIAL TISSUE AFTER SEPTAL MYECTOMY IN PATIENTS WITH OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY: A FOUR-CASE SERIES STUDY
CLINICAL EFFICACY OF SELECTIVE PLASMA FILTRATION (EVACLIO) IN CARDIOVASCULAR COMPLICATIONS: A CASE SERIES FROM THE HEART CENTER KAZAKHSTAN