КАРОТИДТІ ХЕМОДЭКТОМАНЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ: ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ МӘСЕЛЕНІ ТАЛДАУ
Кіріспе. Каротидті хемодектома (КХ) - сирек кездесетін қатерсіз ісік, каротидті гломустың параганглионды жасушаларынан пайда болып, мойын аймағындағы өмірлік маңызды мүшелерді қысады. КХ диагностикасы және емі кең тарихи зерттеулерге қарамастан күрделі мәселелер болып қала береді.
Зерттеудің мақсаты. КХ диагностика мен емі заманауи тәсілдер арасында ең тиімді әдістерді анықтау және зерттеудің перспективалық бағыттарын анықтау.
Іздеу стратегиясы. PubMed/Medline, Web of Science және e-Library.ru мәліметтер базасын қолдана отырып, ретроспективті бақылау зерттеулерін, жүйелік шолуларды және мета-талдауларды қоса алғанда, КХ тақырыбындағы 64 басылым талданды. Этиология, жіктеу, диагностиканың клиникалық және аспаптық әдістері туралы өзекті идеялар зерттеліп, заманауи емдеу тәсілдері қарастырылды.
Нәтижелер. КХ диагностикалаудың заманауи әдістемесі КТ-ангиографиясын қамтиды, ол PUMCH классификациясымен және ішкі каротид артериясының дистальды сегментін өлшеу әдістемесімен тиімді толықтырыла отырып, операция алдындағы нақты жоспарлауға көмектеседі. Емдеуде ісікті ерте радикалды алып тастауға басымдық беріледі, операция алдындағы қоректендіру артерияларының эмболизациясы қан жоғалту қаупін азайтады және отасын жеңілдетеді. Кейбір ұйымдастырушылық шаралар емдеу нәтижелерін оңтайландырады және емдеу процесінің қауіпсіздігі мен болжамдылығын арттыра отырып, периоперативті қауіп-қатерін азайтады.
Қорытындылар. Диагностикадағы қиындықтарға және жоғары периоперациялық қауіп-қатерге қарамастан, жаңа әдістердің дамуы және көпсалалы тәсіл КХ емдеу нәтижелерін жақсартуға себептеседі. Диагностикалық және емдеу стратегияларын оңтайландыру үшін қосымша зерттеулер қажет.
Түйін сөздер: каротид хемодектомасы, каротид деңенің ісігі, каротид гломусы, мойын параганглиомасы.
Көрген адамдардың саны: 171
Библиографиялық сілтемелер
Тулемисов А.К., Султаналиев Т.А., Фурсов А.Б., Сагандыков И.Н., Землянский В.В., Тен И.Э., Догалбаев Е.К., Тукинов Р.Я., Фурсов Р.А., Волчкова И.С. Каротидті хемодэктоманы диагностикалау және хирургиялық емдеу: қазіргі кезеңдегі мәселені талдау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (4). Б. 190-201. doi 10.34689/SH.2024.26.4.022Ұқсас жариялымдар:
COMPARATIVE EVALUATION OF BLOOD COLLECTION TUBES AND EXTRACTION METHODS FOR CIRCULATING TUMOR DNA
INFLUENCE OF SEX HORMONE-BINDING GLOBULIN (SHBG) ON THE LEVEL OF FREE TESTOSTERONE FRACTION IN OLDER OVERWEIGHT MEN
ASSESSMENT OF THE PROBABILITY OF DEVELOPING CARDIORENAL SYNDROME TYPE 2 DEPENDING ON POTENTIAL BIOMARKERS IN PEDIATRIC PATIENTS
MORPHO-GENETIC VARIABILITY IN MYOCARDIAL TISSUE AFTER SEPTAL MYECTOMY IN PATIENTS WITH OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY: A FOUR-CASE SERIES STUDY
CLINICAL EFFICACY OF SELECTIVE PLASMA FILTRATION (EVACLIO) IN CARDIOVASCULAR COMPLICATIONS: A CASE SERIES FROM THE HEART CENTER KAZAKHSTAN