БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫНАН КЕЙІНГІ БІРІНШІЛІК ҚАЙТАЛАНАТЫН ФОКАЛЬДІ -СЕГМЕНТАРЛЫ ГЛОМЕРУЛОСКЛЕРОЗДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ. КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ.
Кіріспе. Бүйрек трансплантациясынан кейінгі бастапқы қайталанатын фокальді-сегменттік гломерулосклероз (ФСГС) ауыр асқыну және трансплантацияланған бүйректің жоғалуының маңызды қауіп факторы болып табылады. Дүние жүзіндегі әртүрлі бағалаулар бойынша ФСГС жиілігі миллионға шаққанда 1,4-тен 21 жағдайға дейін өзгереді. ФСГС бүйрек шумағының (подоциттер) висцеральды эпителий жасушаларының зақымдалуына байланысты дамиды және "подоцитопатиялар"тобына жатады.
Бұл зерттеудің мақсаты клиникалық жағдай негізінде нефротикалық синдромның дамуымен ФСГС ауруының ерте оралуын көрсету және қысқа мерзімді перспективада плазмаферез сеанстарының орындылығын бағалау болып табылады.
Әдістері: мақалада нефротикалык синдромының дамуымен ФСГС ауруының ерте оралуы болған клиникалық жағдай сипатталған. Бүйрек трансплантациясынан кейін аурудың қайталануының негізгі леч плазмоферез сеанстарын жүргізу және ритуксимабты енгізу болып табылады.
Зерттеу нәтижелері. Клиникалық жағдайды талдау нәтижесінде бүйрек трансплантациясының тромбозы қан қысымының төмендеуінен және плазмаферез сеансы аясында анастомоз аймағында қан ағымының баяулауынан туындағаны анықталды, бұл ақыр соңында графттың жоғалуына және пациенттің бүйрек алмастыру терапиясына оралуына әкелді.
Қорытындылар. Әдеби деректерге сәйкес, келесі болжамды бүйрек трансплантациясын өткізуі науқас үшін аурудың қайта қайтып келу қаупі өте жоғары, сондықтан қысқа мерзімде бұл процедураны жүргізуі орынды емес.
Түйінді сөздер: бүйрек трансплантациясы, фокальді-сегменттік гломерулосклероз, нефроттік синдром.
Көрген адамдардың саны: 156
Библиографиялық сілтемелер
Ассыкбаев М.Н., Абдугафаров С.А., Маралбай А.М., Тілеухан М., Садыкова Ш.А., Манатова А.М., Куаныш Ж.М., Жарлыганова Д.С. Бүйрек трансплантациясынан кейінгі біріншілік қайталанатын фокальді-сегментарлы гломерулосклероздың клиникалық жағдайының сипаттамасы. Клиникалық жағдай // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (4). Б. 261-266. doi 10.34689/SH.2024.26.4.028Ұқсас жариялымдар:
COMPARATIVE EVALUATION OF BLOOD COLLECTION TUBES AND EXTRACTION METHODS FOR CIRCULATING TUMOR DNA
INFLUENCE OF SEX HORMONE-BINDING GLOBULIN (SHBG) ON THE LEVEL OF FREE TESTOSTERONE FRACTION IN OLDER OVERWEIGHT MEN
ASSESSMENT OF THE PROBABILITY OF DEVELOPING CARDIORENAL SYNDROME TYPE 2 DEPENDING ON POTENTIAL BIOMARKERS IN PEDIATRIC PATIENTS
MORPHO-GENETIC VARIABILITY IN MYOCARDIAL TISSUE AFTER SEPTAL MYECTOMY IN PATIENTS WITH OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY: A FOUR-CASE SERIES STUDY
CLINICAL EFFICACY OF SELECTIVE PLASMA FILTRATION (EVACLIO) IN CARDIOVASCULAR COMPLICATIONS: A CASE SERIES FROM THE HEART CENTER KAZAKHSTAN