ҚАЗАҚСТАНДА ИНФЕКЦИОНДЫ ЭНДОКАРДИТТІҢ АЛДЫН-АЛУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ: КАРДИОЛОГТАР АРАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН КӨЛДЕНЕҢ ЗЕРТТЕУ
Кіріспе. Инфекциялық эндокардиттің (ИЭ) профилактикасы - аурулардың және өлім-жітімнің деңгейін төмендетудің маңызды аспектісі болып табылады. Соңғы 30 жылда дүниежүзілік аурулар жүктемесі бойынша жүргізілген зерттеулер ИЭ-нің жиілігінің айтарлықтай өскенін көрсетті. Алайда кейбір елдер ИЭ деңгейін төмендетуді қамтамасыз ете алды, бұл кардиология қызметінің ИЭ-нің алдын алуын және әр түрлі елдерде қабылданған нұсқаулықтарға жүгінуінің тиімділігін зерделеуге сұрақ туындатады. Бұл зерттеудің мақсаты - ИЭ-нің алдын алу үшін кардиология қызметінің жұмысын оңтайландыру бойынша қажетті бастамаларды анықтау.
Материалдар мен әдістер. Кардиологтарды зерттейтін көлденең зерттеу жүргізілді. Сауалнама Лайкерт шкаласы негізінде құрылды. Статистикалық анализ ANOVA мен Фишер әдістерін пайдалана SPSS бағдарламалық жасақтамасы (26.0 нұсқасы) жүргізілді.
Нәтижелер. Сауалнамаға 60 кардиолог қатысты. Деректерге сәйкес, қатысушылардың жартысынан көбі (85%) жұмыс істейтін мекемелерінде «Эндокардит бойынша команда» жоқ екенін атап өтті. Респонденттердің айтарлықтай көпшілігі (96,7%) дисциплинарлық кеңес құрудың қажеттілігін баса айтты. Сонымен қатар, қатысушылардың 98,3%-ы ИЭ-нің алдын алу бойынша ұлттық нұсқаулықтар әзірлеудің маңыздылығын мойындады.
Қорытындылар. Бұл зерттеудің нәтижелері кардиологиялық қызметтердің жұмысын, ерекше назар аудара отырып, ИЕ профилактикасын тиімді түрде оңтайландыру қажеттілігін көрсетеді.
Түйінді сөздер. Инфекциялық эндокардит, кардиологтар, жүрек хирургтары, антибиотиктік профилактика.
Көрген адамдардың саны: 205
Библиографиялық сілтемелер
Қусаинова Ж., Булегенов Т., Жапар Ж., Абралина Ш., Абильтаев А., Таштемирова О., Абильмажинова Г. Қазақстанда инфекционды эндокардиттің алдын-алу жүйесін ұйымдастыру: кардиологтар арасында жүргізілген көлденең зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (5). Б. 72-78. doi 10.34689/SH.2024.26.5.009Ұқсас жариялымдар:
COMPARATIVE EVALUATION OF BLOOD COLLECTION TUBES AND EXTRACTION METHODS FOR CIRCULATING TUMOR DNA
INFLUENCE OF SEX HORMONE-BINDING GLOBULIN (SHBG) ON THE LEVEL OF FREE TESTOSTERONE FRACTION IN OLDER OVERWEIGHT MEN
ASSESSMENT OF THE PROBABILITY OF DEVELOPING CARDIORENAL SYNDROME TYPE 2 DEPENDING ON POTENTIAL BIOMARKERS IN PEDIATRIC PATIENTS
MORPHO-GENETIC VARIABILITY IN MYOCARDIAL TISSUE AFTER SEPTAL MYECTOMY IN PATIENTS WITH OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY: A FOUR-CASE SERIES STUDY
CLINICAL EFFICACY OF SELECTIVE PLASMA FILTRATION (EVACLIO) IN CARDIOVASCULAR COMPLICATIONS: A CASE SERIES FROM THE HEART CENTER KAZAKHSTAN