ДЕМЕНЦИЯСЫ БАР АДАМДАРҒА КҮТІМ ЖАСАУДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТӘЖІРИБЕСІ
Кіріспе. Дүние жүзінде деменцияның таралуының артуы оны денсаулық сақтаудың басымдығына айналдырады. Бұл бүкіл әлемдегі егде жастағы адамдар санының өсуіне байланысты. Қазақстанда деменция бойынша зерттеулер жеткіліксіз.
Зерттеудің мақсаты: Алматы қаласында деменциясы бар адамдарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) мекемелерінде медициналық көмек көрсетудің ағымдағы тәжірибесін зерделеу.
Материалдар мен әдістері. Бірінші кезеңде Алматыда тіркелген деменция жағдайларының саны талданды. Деректер денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығының Алматы филиалынан алынды. Екінші кезеңде нысаналы топқа көмек көрсету мәселелері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарымен сұхбат жүргізілді. Сауалнамаға МСАК-тың 12 маманы қатысты.
Нәтижесі. 2019 жылдан 2023 жылға дейін тамырлы деменция, сондай-ақ ерте немесе кеш Альцгеймер деменциясы жағдайларының саны артып келеді, ал басқа рубрикаларда жіктелген басқа аурулардағы деменция жағдайларының саны азайды. Деменциясы бар адамдарға медициналық көмек көрсетудің негізгі кедергісі-алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ ересектер арасында деменция скринингінің болмауы. Деменцияны анықтауға арналған когнитивті сынақтар жоқ, бірақ олар деменцияны бағалауда тиімді.
Қорытынды. Алматыда, деменциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, бұл МСАК мамандарының оның ерте скринингі мәселелері бойынша қосымша білім алуды талап етеді.. Сондай-ақ, болашақта МСАК деңгейінде деменциямен ауыратын адамдарға көмек көрсету моделін қайта қарау және халықтың хабардарлығын арттыру үшін қосымша зерттеулер қажет.
Түйінді сөздер: деменция, МСАК, көмек, денсаулық сақтау саясаты.
Көрген адамдардың саны: 342
Библиографиялық сілтемелер
Былташ С., Бримжанова М., Файзуллина К., Ахтаева Н., Алекенова Н., Кошербаева Л., Нурбаулина Э. Деменциясы бар адамдарға күтім жасаудың қолданыстағы тәжірибесі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (5). Б. 115-120. doi 10.34689/SH.2024.26.5.015Ұқсас жариялымдар:
COMPARATIVE EVALUATION OF BLOOD COLLECTION TUBES AND EXTRACTION METHODS FOR CIRCULATING TUMOR DNA
INFLUENCE OF SEX HORMONE-BINDING GLOBULIN (SHBG) ON THE LEVEL OF FREE TESTOSTERONE FRACTION IN OLDER OVERWEIGHT MEN
ASSESSMENT OF THE PROBABILITY OF DEVELOPING CARDIORENAL SYNDROME TYPE 2 DEPENDING ON POTENTIAL BIOMARKERS IN PEDIATRIC PATIENTS
MORPHO-GENETIC VARIABILITY IN MYOCARDIAL TISSUE AFTER SEPTAL MYECTOMY IN PATIENTS WITH OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY: A FOUR-CASE SERIES STUDY
CLINICAL EFFICACY OF SELECTIVE PLASMA FILTRATION (EVACLIO) IN CARDIOVASCULAR COMPLICATIONS: A CASE SERIES FROM THE HEART CENTER KAZAKHSTAN