ПЕРИНАТАЛДЫҚ ӨЛІМ-ЖІТІМНІҢ ҚҰПИЯ АУДИТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫ: ӘДЕБИ ШОЛУ
Кіріспе. Перинаталдық өлім-жітімнің аудиттері мен шолулары өлімнің туындауына ықпал еткен алдын алуға болатын факторларды анықтау, медициналық қызметтердегі әлсіз жерлерді анықтау және жаңа туған нәрестелерге күтім жасау сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар жасау үшін жүргізіледі.
Мақсат. Бұл жұмыстың мақсаты болып перинаталдық өлім-жітімнің құпия аудитін жүргізудің тиімділігін әртүрлі елдерде құпия аудит құралдарын пайдалану туралы контент анализ жасау арқылы бағалау болып табылады.
Іздеу стратегиясы. Scopus, Cohrane Library, PubMed, Embase сияқты медициналық базаларда деректерді іздеу жүргізілді. Осы тақырып бойынша 50 өзекті мақала таңдалды, сондай-ақ ДДҰ және ЮНИСЕФ нұсқаулықтары мен есептемелерінен алынған мәліметтер.
Нәтижесі. Құпия аудиттің негізгі әдістері ауызша және әлеуметтік аутопсия, тарих пен клиникалық жағдайларды талдау және сараптамалық бағалау, оңтайлы емес көмек түрлерін жіктеу және осы әдістерді біріктіру болып табылады. Өлім-жітімнің субстандартты факторларын анықтау көптеген елдерде кеңінен және тиімді қолданылады. Баласы шетінеген ата-аналарды аудит процесіне тарту ата-аналар мен медицина қызметкерлері үшін пайдалы және құнды болып табылады және кейбір елдерде аудит процесіне біртіндеп енгізіле бастады.
Нидерланды елінде аудит жүргізу барысында 2010-2012 жылдары перинаталдық өлім-жітім 2,3-тен 2,0/1000 дейін (Р<0,00001) төмендеуі байқалады [15]. Сондай-ақ 7 зерттеудің мета-талдауы табысы төмен және орташа елдерде жүргізілген перинаталдық аудиттер бойынша перинаталдық өлім-жітімнің төмендеуі орта есеппен 30% - ға (95% сенімділік аралығы, 21-ден 38% - ға дейін) келгенін көрсетті [42]. Уганда елінде перинаталдық өлім-жітім 2007 жылы 1000 босануға шаққанда 52,8, ал аудит енгізілгеннен кейін 2008 жылы 1000 босануға шаққанда 47,9 өлімді құрады [37].
Қорытынды. Зерттеуге сәйкес, оңтайлы емес көмекті анықтау, субстандартты факторларды және сараптамалық бағалау сияқты құпия аудиттің негізгі құралдары әртүрлі елдерде тиімді қолданылады деген қорытынды жасауға болады. Мета-талдау және жүйелі шолу деректері бойынша дамыған елдерде де, дамушы елдерде де аудит жүргізу кезінде перинаталдық өлім-жітімнің төмендегенін көруге болады. Аудиттің тиімділігін дәлірек түсіну үшін перинаталдық өлім-жітімге шолулар жүргізуді жалғастыру керек.
Түйін сөздер: перинаталдық аудит, перинаталдық өлім, құпия аудит, жаңа туған нәрестелер, неонаталды өлім.
Көрген адамдардың саны: 231
Библиографиялық сілтемелер
Саматова Н.Е., Камалбекова Г.М., Джаксалыкова К.К., Мусина А.А., Карин Б.Т. Перинаталдық өлім-жітімнің құпия аудитінің негізгі құралдары: әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (5). Б. 150-159. doi 10.34689/SH.2024.26.5.019Ұқсас жариялымдар:
COMPARATIVE EVALUATION OF BLOOD COLLECTION TUBES AND EXTRACTION METHODS FOR CIRCULATING TUMOR DNA
INFLUENCE OF SEX HORMONE-BINDING GLOBULIN (SHBG) ON THE LEVEL OF FREE TESTOSTERONE FRACTION IN OLDER OVERWEIGHT MEN
ASSESSMENT OF THE PROBABILITY OF DEVELOPING CARDIORENAL SYNDROME TYPE 2 DEPENDING ON POTENTIAL BIOMARKERS IN PEDIATRIC PATIENTS
MORPHO-GENETIC VARIABILITY IN MYOCARDIAL TISSUE AFTER SEPTAL MYECTOMY IN PATIENTS WITH OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY: A FOUR-CASE SERIES STUDY
CLINICAL EFFICACY OF SELECTIVE PLASMA FILTRATION (EVACLIO) IN CARDIOVASCULAR COMPLICATIONS: A CASE SERIES FROM THE HEART CENTER KAZAKHSTAN