АЗИЯЛЫҚ ПОПУЛЯЦИЯДАҒЫ ПРЕДИАБЕТТІҢ ТАРАЛУЫ: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Кіріспе. Эпидемиологиялық мәліметтерге сәйкес, Азия елдерінде басқа аймақтармен салыстырғанда предиабеттің таралуының айтарлықтай өскенін байқауға болады, осы аймақтағы предиабеттің қауіп факторларымен таралуын терең талдау мен зерттеу қажеттілігін дәлелдейді.
Мақсаты: Азия популяциясындағы предиабеттің таралуы мен қауіп факторларын әдебиеттерге шолу арқылы зерттеу
Іздеу стратегиясы. Дереккөздерді іздеу келесі мәліметтер базасында жүргізілді: Pubmed, Google Scholar, Web of Science. Шолу сипаттамалық, аналитикалық, клиникалық зерттеулерді, жүйелі шолуларды және мета-анализдерді қамтыды.
Нәтижелер. Шолу материалында Азияның әртүрлі аймақтарында предиабеттің таралуы туралы мәліметтер келтірілген. 2017 жылы 45 пен 69 жас аралығындағы Вьетнамдағы Дананг қаласының 12914 тұрғынының 52,9% құрады, бұл предиабет таралуындағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Қорытынды. Әдебиеттерді шолу негізінде азиялық нәсіл ұсынылған нәсілдермен салыстырғанда предиабетке көбірек бейім екендігі анықталды. Абдоминальді семіздік предиабеттің қауіп факторы ретінде предиабетпен ең күшті байланысты көрсетті. ДСИ, өз кезегінде, предиабеттің даму қаупі факторы ретінде әртүрлі этникалық топтарға пропорционалды емес әсер етеді.
Түйінді сөздер: предиабеттің таралуы, азиялық популяция, предиабет.
Көрген адамдардың саны: 205
Библиографиялық сілтемелер
Канапиянов Б., Нуртазина А., Даутов Д., Тойшиманов М., Войцеховский И., Нургалиева Б. Азиялық популяциядағы предиабеттің таралуы: әдебиеттерге шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (5). Б. 198-203. doi 10.34689/SH.2024.26.5.023Ұқсас жариялымдар:
COMPARATIVE EVALUATION OF BLOOD COLLECTION TUBES AND EXTRACTION METHODS FOR CIRCULATING TUMOR DNA
INFLUENCE OF SEX HORMONE-BINDING GLOBULIN (SHBG) ON THE LEVEL OF FREE TESTOSTERONE FRACTION IN OLDER OVERWEIGHT MEN
ASSESSMENT OF THE PROBABILITY OF DEVELOPING CARDIORENAL SYNDROME TYPE 2 DEPENDING ON POTENTIAL BIOMARKERS IN PEDIATRIC PATIENTS
MORPHO-GENETIC VARIABILITY IN MYOCARDIAL TISSUE AFTER SEPTAL MYECTOMY IN PATIENTS WITH OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY: A FOUR-CASE SERIES STUDY
CLINICAL EFFICACY OF SELECTIVE PLASMA FILTRATION (EVACLIO) IN CARDIOVASCULAR COMPLICATIONS: A CASE SERIES FROM THE HEART CENTER KAZAKHSTAN