SINOVAC-CORONAVAC (ҚЫТАЙ) ПРЕПАРАТЫМЕН COVID-19 ВАКЦИНАЦИЯСЫНАН КЕЙІНГІ АУТОИММУНДЫ АСҚЫНУЛАР ЖАҒДАЙЫ
Пандемия кезінде Қазақстан Республикасында вакцинация үшін SARS-CoV-2 вирусының химиялық инактивацияланған SinoVac-CoronaVac (Қытай) вакцинасы қолданылды. 1989 жылы туған Т. есімді науқастың медициналық тарихы мен бақылауының ретроспективті талдауы жүргізілді. Вакцинациядан кейін пациентте оверлап-синдром, ревматоидты артрит және жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) дамыды.
Қан талдауы лейкопенияны (2,8 × 10⁹), тромбоцитопенияны (104 бірлік/мкл), гипохромды анемияны (гемоглобин 87 г/л), жоғары ЭТЖ, артқан ревматоидты факторды (13,9), С-реактивті ақуыздың деңгейінің көтерілуін (70,4) және антистрептолизин О-ның жоғарылауын (218 ХБ/мл) көрсетті. Сондай-ақ ядролық антигендерге қарсы антиденелер (ANA) (32 бірлік) анықталды. Науқас гормондармен, стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен және ритуксимабпен емделді.
Бұл жағдай SinoVac-CoronaVac препаратымен вакцинация иммундық жүйені белсендіріп, аутоиммундық оверлап-синдромның дамуына триггер болғанын болжауға мүмкіндік береді. Бұл клиникалық жағдайды талдау COVID-19-ға қарсы вакцинациядан кейінгі ықтимал жанама әсерлерге назар аударады. Бұл тәуекелдерді түсіну вакцинациядан кейінгі пациенттерді бақылау мен күтімді жақсарту үшін маңызды.
Көрген адамдардың саны: 490
Мақалалар санаты:
Клиникалық жағдай
Библиографиялық сілтемелер
Нургалиева Б., Акжалова Ю., Хайдаров С., Молдакарызова А. Sinovac-Coronavac (Қытай) препаратымен COVID-19 вакцинациясынан кейінгі аутоиммунды асқынулар жағдайы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (6). Б. 230-233. doi 10.34689/SH.2024.26.6.026Ұқсас жариялымдар:
IMPROVED RECOGNITION OF ADULT-ONSET COMMON VARIABLE IMMUNODEFICIENCY FOLLOWING A TARGETED EDUCATIONAL WORKSHOP: A CASE SERIES FROM KAZAKHSTAN
NEW TECHNIQUE OF ANTERIOR MITRAL LEAFLET PLICATION FOR CORRECTION OF SAM SYNDROME IN OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY. CLINICAL CASE
COMBINATION OF ATYPICAL HEMOLYTIC UREMIC SYNDROME AND IGA NEPHROPATHY : A CASE REPORT AND LITERATURE REVIEW
CORONARY ARTERY STENTING UNDER ECMO SUPPORT: A CASE SERIES DESCRIPTION
CLINICAL CASE OF INTUSSUSCEPTION AGAINST A BACKGROUND OF INTESTINAL INFECTION IN A CHILD. CLINICAL CASE