РЕАКТИВТІ АРТРИТІ БАР НАУҚАСТАРДА БУЫН СИНДРОМЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Зерттеудің мақсаты реактивті артриті (РеА) бар науқастардың буын синдромының клиникалық ерекшеліктерін зерттеу.
Материалы және әдістері. РеА бар 67 науқас қаралып тексерілді жасы 18 ден бастап 44 дейін (негізгі топ) ерлер - 63 (94%), орташа жасы – (26,01±0,86). Әйелдер (орташа жасы – 35,5±3,86) 4 (6%). Бақылау тобын жынысы және жасы бойынша сәйкес 20 сау адамдар құрады (орташа жасы – 24,55 ± 0,94). Бақылау тобын зерттеу РеА клинико-лабораторлы диагностика алгоритмі бойынша жүргізілді .
Аурудың қоздырғышына байланысты науқастар урогенитальді, энтероколиттік екі формасына бөлінді. РеА ең жиі себебі болып урогенитальді инфекция (70,1%) табылды, ал энтероколиттік – 2 есе сирек анықталды (29,9%).
Нәтижесі. РеА клиникалық көрінісі айқын буын синдромымен, яғни артритпен, процеске сегізкөз-мықын байламы, энтезопатиялармен, табанасты бурситпен, көз, зәр шығару жүйесінің (ЗШЖ) зақымдалуыменен, айқын лабораторлы белсенділігімен сипатталынды. Аурудың формасына байланысты буын синдромының айқын айырмашылығы болған жоқ, ал РеА энтероколиттік формасында лабораторлы белсендік айқын байқалды.
Қорытынды. РеА кезінде негізінен полиартриті – 47,7%, сакроилеиті - 26,8%, энтезопатиялары 17,9% бар науқастар басым көбірек кездесті. Аурудың формасына байланысты буындық және буыннан тыс көріністер РеА урогенитальді түрінде басым болды.
Көрген адамдардың саны: 1993
Библиографиялық сілтемелер
Ногаева М.Г. Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова, г. Алматы Кафедра амбулаторно-поликлиничеcкой терапии. // Наука и Здравоохранение 2014.№ 2. С.48-51 Nogaeva M.G. CLINICAL FEATURES OF ARTICULAR SYNDROME IN PATIENTS WITH REACTIVE ARTHRITIS // Nauka i Zdravookhranenie. 2014.№ 2. С. 48-51 Ногаева М.Ғ. РЕАКТИВТІ АРТРИТІ БАР НАУҚАСТАРДА БУЫН СИНДРОМЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ // Ғылым және Денсаулық сақтау 2014.№ 2. С. 48-51Ұқсас жариялымдар:
COMPARATIVE EVALUATION OF BLOOD COLLECTION TUBES AND EXTRACTION METHODS FOR CIRCULATING TUMOR DNA
INFLUENCE OF SEX HORMONE-BINDING GLOBULIN (SHBG) ON THE LEVEL OF FREE TESTOSTERONE FRACTION IN OLDER OVERWEIGHT MEN
ASSESSMENT OF THE PROBABILITY OF DEVELOPING CARDIORENAL SYNDROME TYPE 2 DEPENDING ON POTENTIAL BIOMARKERS IN PEDIATRIC PATIENTS
MORPHO-GENETIC VARIABILITY IN MYOCARDIAL TISSUE AFTER SEPTAL MYECTOMY IN PATIENTS WITH OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY: A FOUR-CASE SERIES STUDY
CLINICAL EFFICACY OF SELECTIVE PLASMA FILTRATION (EVACLIO) IN CARDIOVASCULAR COMPLICATIONS: A CASE SERIES FROM THE HEART CENTER KAZAKHSTAN