ӨКПЕНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ОБСТРУКТИВТІ АУРУЫ КЕЗІНДЕГІ БІРІККЕН ЕМГЕ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС
Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының (ӨСОА) экономикаға, денсаулық сақтау саласына келтіретін зардаптары зор. Әлемде ӨСОА-на 210 миллион адам шалдыққан және бұл ауру 3 миллион адам өлімінің себебі болып табылады (әлемдегі барлық өлім-жітімнің 5%). Болжам бойынша, ӨСОА 2030 жылы әлемде өлім-жітімнің негізгі себебі болады деп күтілуде. Жеңіл дәрежемен салыстырғанда ауыр ағымдағы ӨСОА байланысты шығын 17 есе көп.
ӨСОА кезінде қабыну - негізгі патогентикалық механизм. заманауи түсінік бойынша ӨСОА қоршаған ортаның қолайсыз факторларымен байланысты созылмалы қабыну ауруы болып табылады.
Осы аурудан болатын өлім-жітімді азайту, асқынулары мен өршуінің алдын алу, науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту, клиникалық сиптомдарын бәсеңдету, ауру үдеуін баяулату ӨСОА заманауи емінің негізгі міндеттері болып табылады.
Көрген адамдардың саны: 393
Ұқсас жариялымдар:
COMPARATIVE EVALUATION OF BLOOD COLLECTION TUBES AND EXTRACTION METHODS FOR CIRCULATING TUMOR DNA
INFLUENCE OF SEX HORMONE-BINDING GLOBULIN (SHBG) ON THE LEVEL OF FREE TESTOSTERONE FRACTION IN OLDER OVERWEIGHT MEN
ASSESSMENT OF THE PROBABILITY OF DEVELOPING CARDIORENAL SYNDROME TYPE 2 DEPENDING ON POTENTIAL BIOMARKERS IN PEDIATRIC PATIENTS
MORPHO-GENETIC VARIABILITY IN MYOCARDIAL TISSUE AFTER SEPTAL MYECTOMY IN PATIENTS WITH OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY: A FOUR-CASE SERIES STUDY
CLINICAL EFFICACY OF SELECTIVE PLASMA FILTRATION (EVACLIO) IN CARDIOVASCULAR COMPLICATIONS: A CASE SERIES FROM THE HEART CENTER KAZAKHSTAN