КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ: СОЗЫЛМАЛЫ БҮЙРЕК АУРУЫНЫҢ АЯСЫНДА ДАМЫҒАН КОРОНАВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯНЫҢ СИМПТОМАТИКАСЫ МЕН ЕМ ТИІМДІЛІГІ
Бұл мақалада қазіргі әлемде жиі кездесетін, бірнеше дегенеративті аурулар салдарынан дамыған, аралас текті созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің аясында пайда болған жаңа коронавирусты инфекцияның ағымы мен ем ерекшеліктерінің клиникалық жағдайы келтірілген. Берілген сырқатнаманың талдауы барысында созылмалы бүйрек ауруы Ковид - инфекциясының ағымына кері әсерін тигізетінін көрсетті. Сонымен қатар, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ауырлық сатысы да жедел вирусты процесстің ем болжамына айқын ықпал ететінін байқатты. Дәл осы фактор, жаңа коронавирусты инфекцияның емінде қолданылатын күрделі этиотропты, патогенездік және симптоматикалық дәрілік заттардың әсерлі жауабының дәрежесін анықтайды. Жаңа коронавирусты инфекцияның ауыр түрлерінің заманауи емдеу кестелері созылмалы ішкі ағзалардың аурулары бар адамдарда осы аурудың болжамын жақсартуына мүмкіндік береді.
Көрген адамдардың саны: 679
Мақалалар санаты:
Клиникалық жағдай
Библиографиялық сілтемелер
Капанова Г.К., Каскабаева А.Ш., Алибекова Р.И., Ботабаева А.С., Муздубаев Д.К. Клиникалық жағдай: созылмалы бүйрек ауруының аясында дамыған коронавирусты инфекцияның симптоматикасы мен ем тиімділігі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 1 (Т.23). Б. 69-73. doi 10.34689/SH.2021.23.1.009Ұқсас жариялымдар:
IMPROVED RECOGNITION OF ADULT-ONSET COMMON VARIABLE IMMUNODEFICIENCY FOLLOWING A TARGETED EDUCATIONAL WORKSHOP: A CASE SERIES FROM KAZAKHSTAN
NEW TECHNIQUE OF ANTERIOR MITRAL LEAFLET PLICATION FOR CORRECTION OF SAM SYNDROME IN OBSTRUCTIVE HYPERTROPHIC CARDIOMYOPATHY. CLINICAL CASE
COMBINATION OF ATYPICAL HEMOLYTIC UREMIC SYNDROME AND IGA NEPHROPATHY : A CASE REPORT AND LITERATURE REVIEW
CORONARY ARTERY STENTING UNDER ECMO SUPPORT: A CASE SERIES DESCRIPTION
CLINICAL CASE OF INTUSSUSCEPTION AGAINST A BACKGROUND OF INTESTINAL INFECTION IN A CHILD. CLINICAL CASE